Құрметті жерлестер!: Қарағанды ​​облысы, 31 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы мерекесі – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барша жұрттың асыға күтетін, бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауызбірлікке шақыратын жалпыхалықтық мерекесі.

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Сонымен қатар биылғы жылы осы шауақты мерекемен қатар мұсылман қауымның ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы да келіп отыр.

Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі. Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр.

Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Тілектеріңіз орындала берсін!

Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Сіздерді Ұлыстың Ұлы мерекесі – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барша жұрттың асыға күтетін, бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауызбірлікке шақыратын жалпыхалықтық мерекесі.

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Сонымен қатар биылғы жылы осы шауақты мерекемен қатар мұсылман қауымның ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы да келіп отыр.

Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі. Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр.

Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Тілектеріңіз орындала берсін!

Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.

Аймақтағы жаңалықтар