С. Жақыпова Алматы облысындағы бірқатар әлеуметтік, өндірістік және білім беру нысандарын аралады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына екі күндік жұмыс сапары аясында мүгедектігі бар балалар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың, мансап орталығы, екі кәсіпорынның, Көпсалалы кәсіптік оқыту колледжінің және Сүлейман Демирель атындағы университеттің жұмысымен танысты.
Өңірдегі Еңбекминінің басшысы барған бірінші объект Алматы облысының күндізгі болу орталығы болды, онда тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік бейімдеу, оңалту және түзету жартылай стационарлық режимде жүргізіледі.
Осы мекеме жұмысымен танысу барысында Светлана Жақыпова Қазақстан бойынша осындай орталықтар желісін кеңейту қажеттігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта республикада 871 ұйым мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсетеді. 2025 жылдан бастап АӘҚ бойынша жан басына қаржыландыру енгізілуде, бұл жеке бизнестің осы салаға тартылуына ықпал ететін болады. Бұл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың желісін кеңейтуге және оларды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге жыл соңына дейін ҚР инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдау жоспарлануда, оны іске асыру әрбір азамат, дамудың жеке ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты өмір сүруге және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құруға мүмкіндік береді», – деді Министр.
Сондай-ақ, Светлана Жақыпова Қонаев қаласындағы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының жұмысымен танысты, онда 1,3 жыл ішінде 342 адам арнаулы әлеуметтік қызметтер алды.
Келесі нысан «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС зауыты болды, ол «Роллтон» және «BIGBON» танымал брендтерімен тез дайындалатын тамақ өнімдерін өндіруге маманданған өнеркәсіп орны.
11 шілдеде Еңбекминінің басшысы Қарасай ауданының Мансап орталығының және мектептер үшін кеңсе жиһаздарын шығаратын «Алатау Прогресс КЗ» ЖШС жұмысымен танысты.
Сонымен қатар Светлана Жақыпова болашақта шетелде жұмысқа орналасқысы келетін қазақстандықтарды даярлау жобасы іске асырылатын Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Көпсалалы кәсіптік оқыту колледжіне барды және 8 мыңнан астам студент білім алатын Сүлейман Демирель атындағы университетте болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -