Сауда қызметін реттеу саласы бойынша мемлекеттік бақылау: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сауда қызметін реттеу саласы бойынша мемлекеттік бақылау

2024 жылдың басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына (бұдан әрі - ӘМАТ) баға индексінің өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6 есеге баяулады және 0,3% - құрады.

Бұл ӘМАТ бағасының өсуін тежеуді бақылау құралдарын тиімді іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.

Мәселен, жыл басынан бері Министрліктің аумақтық бөлімшелері 1011 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде сауда үстемесін асырғаны үшін 804 әкімшілік қаулы шығарылды, 65 айыппұл өндірілді (109 өнімсіз делдал жойылды).

Фискалдық және күштік органдардың (БҚДА, ҚМА және Қаржымині МКК) өкілдерімен бірлескен жұмыстың арқасында өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтілді.

Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның қызметі шеңберінде 444 отырыс өткізілді, сауда үстемесін асыру және өнімсіз делдалдардың болуы бойынша тәуекел тудырған 732 дерек анықталды.

Қаржы министрлігінің МКК-мен бірлесіп, ӘМАТ тізбесіне кіретін тауарлардың электрондық шот-фактураларын талдау бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.

Жыл басынан бері тауарларды жеткізудің 2554 тізбегіне талдау жүргізілді, салықтық, монополияға қарсы және басқа да заңнамаларды бұзудың 874 тәуекелі анықталды.

Қабылданған бақылау шаралары барысында жоғары көрсеткіші Шымкент, Алматы, Астана қалаларында, Павлодар және Ақмола облыстарында анықталды.

 

Анықтама:

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес тауарларға бағаны 19 атауды қамтитын ӘМАТ-ты қоспағанда, сауда субъектілері дербес айқындайды.

Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына баға азық-түлік тауарын өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерінен аспауы керек.

Ішкі сауда субъектілері заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда бастапқы құқық бұзушылық үшін ескерту және қайталама құқық бұзушылық үшін 10-нан 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.



Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<!DOCTYPE html> <html> <head> <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;charset=UTF-8"> </head> <body> <p><b>2024 жылдың басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына (бұдан әрі - ӘМАТ) баға индексінің өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6 есеге баяулады және 0,3% - құрады.</b><br><br>Бұл ӘМАТ бағасының өсуін тежеуді бақылау құралдарын тиімді іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.</p> <p>Мәселен, жыл басынан бері Министрліктің аумақтық бөлімшелері 1011 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде сауда үстемесін асырғаны үшін 804 әкімшілік қаулы шығарылды, 65 айыппұл өндірілді (109 өнімсіз делдал жойылды).</p> <p>Фискалдық және күштік органдардың (БҚДА, ҚМА және Қаржымині МКК) өкілдерімен бірлескен жұмыстың арқасында өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтілді.</p> <p>Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның қызметі шеңберінде 444 отырыс өткізілді, сауда үстемесін асыру және өнімсіз делдалдардың болуы бойынша тәуекел тудырған 732 дерек анықталды.</p> <p>Қаржы министрлігінің МКК-мен бірлесіп, ӘМАТ тізбесіне кіретін тауарлардың электрондық шот-фактураларын талдау бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.</p> <p>Жыл басынан бері тауарларды жеткізудің 2554 тізбегіне талдау жүргізілді, салықтық, монополияға қарсы және басқа да заңнамаларды бұзудың 874 тәуекелі анықталды.</p> <p>Қабылданған бақылау шаралары барысында жоғары көрсеткіші Шымкент, Алматы, Астана қалаларында, Павлодар және Ақмола облыстарында анықталды.</p> <p> </p> <p><i>Анықтама:</i><br><br><i>«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес тауарларға бағаны 19 атауды қамтитын ӘМАТ-ты қоспағанда, сауда субъектілері дербес айқындайды.<br></i></p> <p><i>Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына баға азық-түлік тауарын өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерінен аспауы керек.<br></i></p> <p><i>Ішкі сауда субъектілері заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда бастапқы құқық бұзушылық үшін ескерту және қайталама құқық бұзушылық үшін 10-нан 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.</i></p> </body> </html>

Аймақтағы жаңалықтар