Өскемен қаласында тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары басталды
Облыс орталығында, Назарбаев даңғылы бойында орналасқан, «Металлург» саябағынан Комендантка өзеніне дейінгі аралықтағы қос тараптағы 14 тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылуда. Жаңарту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, кезең-кезеңімен және сапа бақылауымен жүзеге асырылып жатыр.
Қасбеттерді жаңарту – тек сыртқы келбетті жақсарту ғана емес, бұл қала көркін арттыру мен тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.
«Жөндеу барысын тексеріп шықтым. Қасбеттерге қолданылатын бояулардың сапасына және түс үйлесіміне ерекше назар аударылуда. Бұған дейін тұрғындар тарапынан айтылған пікірлер ескеріліп, бұл жолы барлық кезеңдерде мұқият қадағалау жүргізіледі», — деді қала әкімі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -