Өскеменде «ONAY!» жүйесі іске қосылуға дайын: пайдалануға беру 7 сәуірде басталмақ
«ONAY!» кеңсесінде жүйе пайдалануға беруге дайын екенін, автопарктердің жылжымалы құрамы жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, барлық бағдарламалық жасақтаманың дайындалғанын және үндестірілгенін атап өтті.Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда техникалық іске қосу жүргізілді, жүйенің компоненттері тексерілді, жеңілдетілген карталар беріліп, Бірыңғай көлік карталары сатылуда, жүйе өңірде пайдалануға беруге дайын. Сонымен қатар, жаңа жеңілдікті карталарды алуға әлі жүгінбеген тұрғындар да бар. Алдыңғы жүйені өшіру және жаңасын қосу аталған азаматтар үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін, ал олар негізінен зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көп балалы аналар.Көлік холдингінің директоры Дәурен Сәбитовтүсіндіріп өткендей, жүйені іске қосу қазір қиындық тудырмайды, бірақ қоғамдық көлікті пайдаланатын жеңілдікті санаттағы барлық өкілдер өтініш беріп, карталарын алды. Жолаушылар ағыны мен халықтың көлік карталарына деген қажеттіліктерін талдау «қол режимінде» енгізуді басқаруға мүмкіндік береді.«Бүгінгі таңда 35 мың қала тұрғыны өтініш білдірді, олардың басым көпшілігі - оқушылар мен колледж студенттері. Біздің басты міндетіміз - халықтан келіп түскен барлық өтініштерді қабылдау және өңдеу, карталарды беруді қамтамасыз ету. Біз қажеттіліктерді зерттедік, барлық санаттар бойынша метрикалар бар, біз оларды ұстануымыз керек. Кейбіреулер картаны кейінірек алғысы келетіні сөзсіз, жүйе іске қосылғаннан кейін тұрғындардың белгілі бір пайызы болады - бұл жанды және қарқынды процесс, біз оны басқа қалаларда іске қосқан кезде байқадық, сондықтан әлеуметтік және жеңілдікті карталарды алғашқы беру 2 айға тегін болды», - деп атап өтті Дәурен Сәбитов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -