СПЕКА елдері Транскаспий көлік дәлізі бойында мультимодальды деректер алмасуды цифрландыру мәселелерін талқылады
11-12 маусым аралығында Ақтауда «Сауда рәсімдерін оңайлату және Транскаспий дәлізі бойында мультимодальды деректер мен құжаттар алмасуды цифрлық трансформациялау» тақырыбында Сауда және тасымалдау рәсімдерін оңайлату саласындағы әлеуетті арттыру бойынша 15-ші халықаралық семинар өтті.
2023 жылғы қарашада БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекеттердің Президенттік саммиті барысында БҰҰ-ның құқықтық құралдары мен стандарттарын пайдалана отырып, Транскаспий көлік дәлізі бойында деректер мен құжаттардың мультимодальды алмасуын цифрландыру жөніндегі СПЕКА жол картасы қабылданды.
Іс-шара Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» Халықаралық қауымдастығы (ТХКБ) және басқа серіктестер, соның ішінде Неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ), Еуропа-Кавказ-Орталық Азия көлік дәлізі Үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығы (ТРАСЕКА ҮАК) ынтымақтастығының арасында ұйымдастырылды.
Семинарға он бес елден астам сауда, көлік және цифрландыру саласындағы сарапшылар қатысты.
Семинар Транскаспий дәлізінің порт қауымдастықтарындағы, атап айтқанда Баку, Ақтау және Түрікменбашы порттарындағы Транскаспий көлік дәлізі бойындағы деректер мен құжаттардың мультимодальды алмасуын цифрландыру мәселелеріне арналған.
Семинар барысында қатысушылар халықаралық жеткізу тізбегін цифрландыру үшін БҰҰ стандарттарын енгізу, оны іске асыру, порт қоғамдастығы жүйелері, үйлесімділік және мультимодальды деректер алмасу бойынша презентация ұсынды. Сондай-ақ, одан әрі пилоттық жобалар мен әлеуетті арттыру жөніндегі іс-шаралар бойынша әріптестік туралы диалог жүргізілді.
Сондай-ақ, 2023 жылғы мамырда қол қойылған Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия және Украинадағы халықаралық операторлардың трасеканың таңдалған бағыттарында электрондық жүкқұжат ЦИМ/СМГС қолдану бойынша пилоттық жобаны ұйымдастыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум аясында елдер пилоттық жобаны жүргізудің басталуы туралы ақпаратпен бөлісті және оны одан әрі іске асыру жолдарын талқылады.
Семинар барысында қазақстандық тарап «Құрық» портына сапар ұйымдастырды, онда семинарға қатысушыларға порт жүйесін цифрландыру, сондай-ақ көлік қызметі, жүктерді тиеу және сақтау, жүк тасымалы; жүктермен көлік-экспедиторлық және қойма операциялары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылды.
Қорытындылай келе, тараптар БҰҰ стандарттары мен құқықтық құралдарын пайдалана отырып, мультимодальды деректерді цифрландыру және Транскаспий дәлізі бойында құжаттармен алмасу бойынша СПЕКА жол картасын іске асыру шеңберінде жаһандық стандарттарды пайдалана отырып, мультимодальды деректерді цифрландыру және құжаттармен алмасу бойынша практикалық пилоттық жобаларды әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдар туралы жоспарларымен бөлісті.
Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ-ның арнайы бағдарламасы Орта Азияда субөңірлік ынтымақтастықты нығайту және оны әлемдік экономикаға интеграциялау үшін 1998 жылы іске қосылды. СПЕКА елдеріне Әзірбайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан кіреді.
Қазақстанның СПЕКА елдерімен тауар айналымы 2023 жылы 9 млрд. АҚШ. долларын құрады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -