Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ақшаны бояу» жобасын жүзеге асыруда
Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Премьер-Министр О.А. Бектеновтың төрағалығымен бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында цифрлық теңгені пайдалану жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыруға арналған мәжілісі өтті.
Мәжіліс аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали «ақшаны бояу» тетігін енгізудің негізгі нәтижелері мен перспективаларытуралы баяндама жасады.
Талдау көрсеткендей, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру және құрылыс салалары сыбайлас жемқорлыққа көбірек ұшырайды.
Негізгі тәуекелдер «өлі жандар», жалған жұмыстар және ойдан шығарылған мәмілелер арқылыбюджет қаражатын жымқырумен байланысты.
Осы тәуекелдерді жою үшін 2024 жылғы ақпаннан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Ұлттық банкпен және Үкіметпен бірлесіп, цифрлық теңгені пайдалана отырып «ақшаны бояу» жобасын іске асыруға кірісті.
Жүргізілген талдау негізінде жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім автомобиль және теміржол құрылысы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жануарларын сатып алу сыңды негізгі салалар анықталды.
Ұлттық банк жанынан ашықтықты қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорымен интеграцияланған цифрлық платформа құрылды.
Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға микрокредиттер беру және техника шығындарын субсидиялау бойынша жобалар сынақтан өткізілді.
Ағымдағы жылы жобалар теміржол және автомобиль жолдарын салу саласында жалғасуда.
Мәселен, Қарағанды облысында «Достық – Мойынты» темір жолының құрылысы аясында 164 млрд «боялған» теңге, Атырау облысында «Мұқыр – Құлсары» автожолын жөндеуге 100 млнцифрлық теңге аударылды.
Кеңес барысында Асхат Жұмағали «ақшаны бояу» тетігі келесі мүмкіндіктерді беретінін атап өтті:
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -