Құтқарушы күні қарсаңында: кинолог Қанат Тұрғанбай
Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы кинология тобының бас құтқарушы-кинологы Қанат Тұрғанбай 1984 жылы 21 наурызда Қызылорда қаласында туылған. Жоғары білімді заңгер. Семей қаласындағы №5511 әскери бөлімде отан алдындағы әскери борышын өтеген. Әскерде кинологияға қызығушылығы артып, кинология жұмысына машықтанған.
Туған жерге келген соң хоббиі қызметіне айналған. 16 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман голден-ретривер, неміс овчаркасы және белгиялық овчарка тұқымдас 4 итті авариялық-құтқару ісіне дайындаған. Ол отбасылы, қыздың қамқор әкесі. «Құтқарушы иттер тек сөйлей алмайтыны болмаса, барлығын да ұғады», - дейді кинолог Қанат.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -