Құтқарушы күні қарсаңында: өрт сөндіруші-құтқарушы Әбдухалық Жалғас
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Абдухалық Жалғас Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде 2022 жылдан бері қызмет етеді.
Талай адам өмірін құтқарып, өз жұмысын адал атқарып келе жатқан жандар елімізде аз емес. 22 жасар Абдухалық өрт сөндіру қызметінде қазіргі заманның қаһарман батырларымен әріптес болғанын бірден түсінгендей. Әрбір құтқарылған адам-өртке қарсы қызметтің кызметкерлері үшін үлкен қуаныш және сәттілік. Осындай қуанышқа және халықтың алғысына бөленіп жүрген Абдухалық көптеген ірі өрттерді сөндіру кезінде алдыңғы шептен көрінді.
Солардың бірі ағымдағы жылы Ақтау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде электр қалқанының тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы орын алып, тұрғын үй толық қара түтінге оранған кезде өзінің кәсібилігін дәлелдеді. Көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарын эвакуациялау кезінде ішкі түйсігі сезгендей кері айналып барлық есікті қағып шығады. Түтінге тұншыққан, пәтерінде ұйықтап қалған жасөспірім қыздың есікке жақындағанын естіп, өзінің тыныс алу маскасын шешіп, қызға тыныс алу маскасын кигізіп сыртқа алып шығады. Араға уақыт салмай, бөлімше командирі Айтбай Уразгадиев тұрғын үйге кіріп, түтін арасынан сәбиді алып шығады. Міне осындай оқиғаға куә болған тұрғындардың алғысына бөленіп, қаһармандардың арамызда жүргеніне мақтан тұтамыз.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -