ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГАЗ, СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 300-ДЕН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР: Түркістан облысы, 05 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГАЗ, СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 300-ДЕН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 300-ден астам жоба іске асырылып жатыр. Ауылдар мен елді мекендердің инфрақұрылымы жақсарып, ауыз су, газ, электр энергиясымен қамту жалғасуда. Бұрын сапалы ауыз су, газ бармаған елді мекендерге осы игіліктер жетіп, елдің өмір сапасы жақсара түсті. Жыл соңына дейін жобалардың 196-сы аяқталады деп жоспарлануда. Қалғаны келесі жылға өтпелі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды. – Ең бірінші мәселе – ауыз су. Жоспарланған жұмыстар жедел әрі сапалы атқарылуы тиіс. Газбен қамту, электрмен қамту бағытындағы жобаларды да сапалы атқарыңыздар. Түркістандағы арнайы экономикалық аймақты инфрақұрылыммен қамтумен қатар абаттандырып, көгалдандыру керек. Кәсіпкерліктің дамуы, инвестицияның артуына инфрақұрылымның тікелей қатысы бар. Жұмысты ширатыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берді. Облыстық энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың айтуынша, биыл газбен қамту бойынша 112 нысан, ауыз су бойынша 122 нысан, электрмен қамту бойынша 58 нысанның құрылысы қолға алынған. Биыл осы салада 196 жоба жүзеге аспақ, қалғаны келесі жылға өтпелі. 2024 жылы ауыз су бойынша 96 нысан аяқталып, жаңадан 30 елді мекен ауыз сумен қамтылады. 37 елді мекен тәулік бойы сумен қамтылса, 24 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Олардың бірқатарында жаңа құрылыс жүргізілсе, біразына кешенді блок-модульдер орнатылуда. Қайта құру, құбыр тарту, ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы да мәселелер шешілуде. Табиғи газ бойынша 54 жоба биыл жүзеге асады. 58-і келесі жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен 47 елді мекен табиғи газбен қамтылмақ. Газбен қамтылған елді мекендер саны 557-ге, халық саны 1,8 миллионнан асады деп күтілуде. Электрмен қамту бойынша 58 нысанның құрылысы жүруде, оның 35-і биыл аяқталады. Жыл нәтижесінде 41 елді мекеннің халқы сапалы электр қуатына қол жеткізеді. «Қызыләскер», «Алатау» қосалқы станцияларының құрылысы аяқталуда. 383,7 шақырым электр желілері тартылып, 104 трансформатор орнатылады. Өңірде кәсіпкерлік нысандарына инженерлік инфрақұрылым тартылуда. Келес ауданында «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС жылыжай кешені, Шардара ауданында жүгері өңдеу зауыты, Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта және Түлкібас ауданындағы «BeibarsBottlers» ЖШС-інде инфрақұрылым құрылыстары жүргізілген. Сонымен бірге газ тарату станцияларының да құрылысы жүруде. Облысты инфрақұрылыммен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар