Теміртауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Теміртау қаласының Мансап орталығы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Оған жұмыс іздеп жүрген 100-ден астам адам келді.
Жастар үйінде өткен шараға оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар және егде жастағы адамдар келді.
– Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де өтеусіз негізде өткізіледі, – дейді Теміртау қаласының Мансап орталығының директоры Әсел Әлжанова. – Біз 41 жұмыс берушіден 525-тен астам бос жұмыс орындарын ұсындық. Олардың қатарында "Qarmet" АҚ, "NORD Production Group" ЖШС, "ҚазПромСервис" ЖШС, "Теміртау қаласының орталық ауруханасы" КМҚК, "Фирма 777" ЖШС, "Bassel Group LLS" ЖШС, "Ren Milk" ЖШС және басқалары бар.
Бүгінгі күні enbek.kz электрондық еңбек биржасында Теміртау бойынша 600-ден астам бос жұмыс орны бар. Білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, қызмет көрсету, сауда саласындағы мамандар, сондай-ақ жұмысшылар (дәнекерлеуші, слесарь, электрик және т. б.) сұранысқа ие болып отыр. Жалақы 85 мыңнан 450 мың теңгеге дейін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -