ТЖМ әуе авиациясы Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруде
7 қазанда департаменттің күштері мен құралдары: 24 қызметкер, 1 тікұшақ, 1 бірлік техника облыс аумағында орын алған қамыс өртін сөндіруге жұмылдырылды.
Әуеден аэровизуалды барлау жұмысы кезінде Құрманғазы ауданынан 43 км қашықтықта 5 га аумақта қамыстың бықсып жатқаны анықталды. Сонымен қатар Құрманғазы ауданынан 20 шақырым км «Қара пішен» учаскесі тұсында 3 га аумақта қамыстың жанып жатқаны анықталды.
Кеше сағат 17:00-ден бері «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының су төгу құрылғысы арқылы әуеден жану ошақтарына 30-дан астам тонна су төгілді. Сондай-ақ облыстың өрт сөндіру бөлімдерінен жауынгерлік есептоптарымен (9 қызметкер), 1 бірлік техника (жол талғамайтын ТРЭКОЛ автокөлігімен) жану ошақтарын мотопомпалармен және өрт сөндіру қол құралдарымен (хлопушкалар, күректер) сөндірді. Нәтижесінде 7 қазан күні 0,5 га жану сөндірілді.
Түнгі уақытта өрттің елді мекенге тарап кетпеуін қадағалау мақсатында ТЖД қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Аумақтың сулы-батпақты болуы, автокөлік жүретін жолдардың болмауы бықсуды сөндіруге қиындық туғызып отырғанын атап өткен жөн.
Бүгін 8 қазанда қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, ТЖД 25 қызметкері, оның ішінде 15 қызметкері «Казавиақұтқару» су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы арқылы, 10 қызметкері ТРЭКОЛ автокөлігі арқылы оқиға орнына жетіп, мотопомпалар, хлопушкалар, күректер арқылы өрт сөндіру жұмыстарын жүргізуде.
Елді мекенге таралу қаупі жоқ екенін хабарлаймыз. Облыс аумағындағы өрт жағдайының мониторингі ерекше бақылауда.
Атырау облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -