«Ғылым адамы» айдарымыздың екінші кейіпкері – Дмитрий Анатольевич Афанасьев.
Дмитрий Анатольевич – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің радиофизика және электроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Ғылыми жолын 2005 жылы радиофизика және электроника кафедра оқытушысы болып бастаған. 2000-2005 жж. ҚарМУ-дың физика факультетінде оқып, инженер-физик біліктілігін алды. Кейін магистратура мен аспирантурада оқуын жалғастырды. 2021 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Дмитрий Анатольевич ғылыми және оқытушылық қызметті белсенді түрде жүргізеді, оның «Цифровые устройства», «Теория электрической связи», «Основы радиоэлектроники» және т.б. курстары бар.
Дмитрий Афанасьев 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 30 мақала Scopus-та және 30 мақала Clarivate Analytics-те индекстелген. Оның зерттеулері наноэлектроника саласына қатысты, онда әртүрлі наноматериалдардың қасиеттері мен олардың заманауи технологияларда қолданылуы зерттеледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -