Қытай: ұлы көршілестіктің үлкен мүмкіндіктері: Астана қаласы, 31 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қытай: ұлы көршілестіктің үлкен мүмкіндіктері

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында бірқатар қытай компанияларының өкілдерімен кездесіп, олармен сыртқы сауда айналымын арттыру перспективаларын талқылады.

Бірінші кездесу өткен жылдың басынан бері бизнесті әртараптандыру сатысында тұрған мұнай компаниясы басшыларының қатысуымен өтті. Мұнай-химия бағытынан басқа, компания жем-шөп өндірісін дамыта бастады және осы себептен Қазақстаннан жем-шөп дақылдарын экспорттауға қызығушылық танытты. Компания өкілінің айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық арпаны жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойылды, сондай-ақ ҚР-дан рапс майын экспорттауға қызығушылық танытты.

Министр Шаққалиев бүгінде Қазақстан үшін ұзақ мерзімді, тұрақты байланыс орнатуға бағытталған Қытайдың провинцияларымен және ірі компанияларымен жұмыс істеуге басымдық жасалып отыр деді.

- Біз қытайлық достарымыздың ұзақ мерзімді оффтейк келісім шарттар жасасқанын қалаймыз. Бұдан басқа, бүгінде Қазақстанда өнімді терең өңдеуге басымдық беріліп отыр. Сізді қандай дақылдар мен жем-шөптің қызықтыратынын анықтаңыз, ал біз ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді ұйымдастырып, дайын өнімді Қытайға жеткіземіз. Сіздің қолдауларыңызбен біздің елімізде өндірісті бір жолға қоюға мүмкіндік туады. Ол үшін инвестициялар тұрғысынан Қазақстан Үкіметі қорғаныс механизмнің қуатты жүйесін құрды. «Qaztrade» компаниясы экспортты ұймыдастырушы ретінде бизнеспен қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Сіздер үшін де, біз үшін де сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдегімен ерекшеленуі керек, Қазақстаннан жеткізілетін шикізаттық бағыттың еңсерілуі маңызды.

2024 жылдың наурызында Қазақстан өкілдері қазақстандық өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы барысында Чэнду қаласында «ЛуджоуЛаудзоу» компаниясымен кездескен. Сондықтан қазіргі келіссөздер бұрын басталған жұмыстың жалғасы болды. Компания өкілі қазақстандық қонақты Чэндудегі миссиядан кейін қазақстандық тараппен тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы тапсырма берілгендігін айтты. Компанияда Сычуань провинциясының барлық уездері мен қалаларында 3 мыңнан астам ауылдық округтерде 1600 супермаркеттен және 20 мыңнан астам қызмет көрсету пунктінен тұратын дамыған бөлшек сауда желісі бар. Олар көлемі жағынан тікелей сату дүкендерінің үшінші желісі болып табылады. Компания 1290 компания мен бірлескен кәсіпорынның құрылтайшысы болып табылады және онда капиталы бар.

Компания өкілі Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен табиғилығын атап өтіп, тұтынушыларға тікелей сату үшін өз желісі арқылы күнбағыс және рапс майын импорттауға ниет білдірді. Компания сондай-ақ қазақстандық сусындар: суды, табиғи шырынды, құрамында алкоголь бар өнімдерді де ипорттауға қызығушылық танытты.

Компанияда минералдық тыңайтқыштарды импорттаумен айналысатын бөлімше бар және Қазақстанның калий тыңайтқыштары мен фосфориттерді жеткізу мүмкіндігі болған жағдайда қытай тарапы да оларды әкелуге дайын. Өткен жылы компания ҚР-дан 380 мың тоннадан астам тыңайтқыш импорттады. Бұл ретте, қазақстандық тараптың ел ішіндегі терең цикл өндірісін дамытуға тілектері мен ниеттерін ескере отырып, серіктестер мұндай мүмкіндікті, сондай-ақ Қытайдан Қазақстан арқылы үшінші елдерге өнім экспортын кеңейту перспективаларын қарастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

«Чэндуда Qaztrade кооперациялық негізде өз өкілдігін құрды. Біз өндірушілердің, бизнесмендердің міндеттемелерін орындауын барынша қамтамасыз етеміз, сондықтан жасалатын келісімшарттардың ұзақ мерзімді, қарым-қатынастардың тұрақты болуын қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті министр.

«Лучжоу Лаудзяу» компаниясы Қытайда танымал өнімдерінің бренді болып табылады. Оның бір түрі бүкіл қытай нарығының 70%-ын құрайды. Өткен жылы компания сату көлемін 30 млрд 300 млн юаньнан астам сомаға орындады. Өндіріс технологиясын фирма 700 жыл бойы сақтап келеді, өнім әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады.

Жыл сайын Лучжоу қаласында арақ өнімдерінің халықаралық жәрмеңкесі өтеді және компания өкілі қазақстандық алкоголь өндірушілерді 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында өтетін осындай көрмеге қатысуға шақырды.

«Қазақстаннан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін, өсімдік майын, дәнді дақылдарды импорттау біздің сөзден іске көшіп жатқанымызды білдіреді. Сычуань бағытында қазақстандық өнімдері бар алғашқы құрамдар кетті, біз сапалы органикалық қазақстандық өнімнің қытайлық тұтынушыға қолжетімді болғанына қанағаттанамыз. «Лучжоу Лаудзяу» компаниясына келетін болсақ, біз сіздерге Қазақстанда серіктестер табамыз. Біздің елде өз сусындарын Қытайға жеткізе алатын жақсы сыра қайнататын және шарап беретін зауыттар бар. Кері бағытта транзитті реттеуге болады- еуразиялық клиент сіздің әйгілі өніміңізді міндетті түрде бағалайды», – деді министр.

А.Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанда да мамандандырылған көрмелер өтуде. Министр қытайлық компания оларда жақсы павильондар ұйымдастыра алады, ал экспортты ілгерілету жағынан «Qaztrade» ұлттық операторы екіжақты және көпжақты байланыстарды жан-жақты дамытуға бағытталатынын сендірді.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар