Жақын арада Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау ашылады
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі 2024 жылғы 5 шілдеден бастап біліктілік іріктеуден өту үшін кандидаттардың құжаттары мен өтініштерін қабылдау ашылатынын хабарлайды.
Құжаттар мен өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ Бұйрығымен бекітілген).
Біліктілік іріктеу Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) өткізетін бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға 18 жаста толған азаматтар құқылы.
Біліктілік іріктеуге қатысу үшін кандидаттар уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
1) Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшелері (бөлімшелері) көрсетіле отырып, ол бос лауазымдарға орналасуға үміткер болатын тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) қамтитын еркін нысандағы өтініш, пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі;
2) паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;
3) біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (кандидаттың жұмыс (қызмет) орны бойынша нотариалды немесе кадр қызметтерімен куәландырылады):
білім туралы, қосымша кәсіптік білім туралы, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру туралы құжаттар (болған жағдайда);
еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;
4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
5) Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған формат пен талаптарға сәйкес кандидаттың 2 (екі) фотосуреті қоса берілген сауалнамасы (1-қосымша).
Қатысушылар құжаттар топтамасын «Іріктеуге қатысу» белгісімен a.argyn@mti.gov.kz, d.tokan@mti.gov.kz электрондық мекенжайларға жіберу қажет.
Бос лауазымдар туралы ақпарат https://eec.eaunion.org/comission/vacancies/ ресми сайтында «Бос орындар» бөлімінде орналастырылған,
Үміткерлерді бағалау нысаны - әңгімелесу.
Оң нәтиже берген жағдайда кандидатқа уәкілетті органның ұсынымы беріледі, оны кейіннен осы кандидат ЕЭК-ке ұсынады.
Уәкілетті органның ұсынымын алу ЕЭК-те бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін міндетті рәсім болып табылмайды, бірақ конкурстан өту кезінде ұсынымы бар кандидаттарға артықшылық берілетін болады.
ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет – ресурсында жарияланатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -