Жазғы демалыс алдында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері ескертілді
Қарағандының № 2 Оқушылар сарайында қарағандылық жазушы Наталия Инжевскаяның "Қауіпті-қауіпсіз" жобасының тұсаукесері өтті. Тақырып әсіресе жазғы демалыс қарсаңында өзекті болды.
Оқушылар сарайындағы үйірмелерге қатысушылар бастауыш сынып оқушылары үшін "Абайлаңыз: өрт!" деп аталатын театрландырылған ақпараттық-ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. К. С. Станиславский атындағы театр актері Константин Снегирев қоюшы-режиссер болды. Ұйымдастырушы – № 2 мектеп педагогы Оксана Белоног. Театрландыруға мәдениет колледжінің практиканттары тартылды.
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. Наталия Инжевскаяның "Өрт туралы" кітабы негізге алынды. Кітап "Қауіпті-қауіпсіз" сериясына кіреді. Аталмыш сения 12 кітаптан (6 қазақ тілінде және 6 орыс тілінде) құралған. Шығармалар балаларға төтенше жағдайлар кезінде өзін қалай ұстау керектігін үйретеді.
– Тақырыптар әртүрлі. Үйдегі құрылғыларды пайдалану ережелері де бар. Сондай-ақ, терезелерге жақындауға, бейтаныс адамдармен телефон арқылы сөйлесуге және отбасы туралы мәлімет хабарлауға болмайтыны және т. б. туралы айтылады. Бағдаршам және мектепке барар жолда жүру туралы, ересектермен ақылдаспай, біреудің айтуы бойынша әрекет жасамау керектігі, отбасында ересектерге құлақ асу керектігі, өз денсаулығыңды қадағалау керектігі, құрдастарыңды немесе өзіңнен кішілерді ренжітуге болмайтыны ескертіледі. Ең бастысы – ешқашан және ешкімге жамандық жасамау! – дейді автор.
Наталия Инжевская – балалар мен ересектерге арналған шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де оқырмандар тарапынан танылған белгілі қарағандылық жазушы.
Фото Анна Строкованікі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -