Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері 6 қаңтардан бастап аккредитациядан өте алады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізетінін хабарлайды.
Процесс 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігігің бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуін алуға өтініш;
2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерi;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау e-Otinish бағдарламасы арқылы жүргізіледі 2025 жылғы 6 мен 20 қаңтар аралығында электронды түрде қабылданады, анықтама үшін байланыс нөмірі: +7 (7172) 983-261.
Дереккөз: Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері 6 қаңтардан бастап аккредитациядан өте алады
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -