Жетісу облысында бір мезгілде 3200 адам қатысқан «Наурыз керуені» өтті: Алматы облысы, 31 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жетісу облысында бір мезгілде 3200 адам қатысқан «Наурыз керуені» өтті

Наурызнаманың «Ынтымақ» күнінде Жетісу облысында «Наурыз керуені» мерекелік шарасы ұйымдастырылып, оған бір мезгілде 3 200 адам қатысты. Іс-шара барлық аудан-қалаларды қамтып, қатысушылар бейнебайланыс арқылы ортақ трансляцияға қосылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғанның орталық алаңынан жылжи отырып, көш-керуенде түйеге, ат арбаға мінгендер, салт аттылар, жаяу жүргендер – ұлттық киім киген жалпы саны 1200-ден астам адам «Жастар» саябағына қарай жүрді. Көш керуеннің құрамында еңбек ардагерлері, мәдениет қызметкерлері, зиялы қауым, жұмысшы мамандықтар иелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, спортшылар, құсбегілер, итбегілер, еңбек ұжымдары, қала тұрғындары болды.

Керуенге қатысушылардың арасында Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті колледжінің 1 курс студенті Арыстан Мүсірепов те бар:

- «Жастар Ассамблеясы» филиалының мүшесімін. Бүгін Наурыз керуенінің құрамында Мелекеттік Туды ұстап жүру мәртебесі маған тигеніне шын жүректен қуандым. Орталық алаңнан «Жастар» саябағына дейін Туымызды тік көтеріп алып жүремін. Наурыз – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын ерекше мерекеміз. Сондықтан оған атсалысу – ортақ міндет, - деді ол.

Керуен көшін көруге келген тұрғындар да қуанышын жасырмай, пікір білдірді.

- Наурызға арнайы дайындалып, қазақша киімімізді киіп, орталық алаңға келдік. Балаларымыз жастайынан көзімен көріп өссін деп осындай ұлттық дәстүрлеріміз дәріптелетін шараға үш баламызды да ертіп келдік. Жыл сайын Наурыз мерекесінен қалмаймыз. Қазір салт-дәстүріміз жаңаша жаңғырып, тұрғындар бірер күн ғана емес күнделікті ұлттық киім кие бастағаны қуантады. Керуен көші – халқымыздың бұрынғы ғұрпы. Бүгін соның куәсі болып отырмыз, - деді қала тұрғыны Ақмарал Ибақова.

Орталық алаңда керуенді Д. Рақышев атындағы филармонияның М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі ұлттық әуендермен шығарып салса, оларды «Жастар» саябағында «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі жыр шашумен қарсы алды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Мұндай мерекелік шаралар облыстың барлық аудан-қалаларында  өтті.

- Бүгін Сарқанда көш керуені орталық алаңнан бастап қала көшелерімен жүріп өтті. Мен де қалыспай, оған өз үлесімді қостым.  Тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап, өнерімізді көрсеттік. Барша халықты Наурыз мерекесімен құттықтаймын, молшылық, бақыт тілеймін, - деді сарқандық жастардың өкілі Шыңғыс Ерланұлы.

Ал Кербұлақ ауданындағы Наурыз керуеніне 300-ден астам адам қатысты. Соның ішінде «Шежіре, өнер-тәлім отауы» әжелер үйірмесінің мүшелері де болды.

- Бүгін Кербұлақ ауданында ерекше шара өтіп, көш керуеніне қатыстық. Халқымыз қуанышқа кенелді. Ұлтымыздың салт-дәстүрлерін сақтауға, оны дамытуға Наурыздың қосатын үлесі зор. Әз Наурыз жыл сайын мерекесімен, берекесімен келсін, - деді ақ жаулықты ана Раушан Нұрғалымова.

Атап өтсек, 21 наурыз - Ынтымақ күнінің басты идеясы - адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, бейбітшілік пен бірлікті насихаттау.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев, аудан-қала әкімдіктері.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар