Жетісу облысында домбырашылар челленджінде 26 мыңнан астам адам күй шертті: Алматы облысы, 31 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жетісу облысында домбырашылар челленджінде 26 мыңнан астам адам күй шертті

Жетісу облысында Наурыз мерекесіне орай өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджіне 26 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері, педагогтер мен ата-аналар қатысып, олар бірігіп бірнеше күй тартты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған челленджде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» және Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйлері орындалды.

Талдықорған қаласындағы музыкалық челленджде 300 домбырашы Оқушылар сарайының маңындағы алаңға жиналып күй тартты. Солардың ішінде қаладағы № 2 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жансая Қайролқызы да бар:

- Менің домбыра тартып жүргеніме 5 жылдай болды. Осы челленджге екінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Бүгін ұлттық киім киіп, бәріміз бірге қазақ күйлерін орындадық. Бұл музыкалық флешмоб біздің шеберлігімізді шыңдаумен  қатар рухани тұрғыда біріктіреді, дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігімізді арттырады, - деді ол дарынды қыз.

Облыстық білім басқармасына қарасты ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Ақбаян Суниятованың сөзіне сүйенсек, іс-шара қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

- Жетісу облысы бойынша 8 аудан, 2 қала түгел қамтылып, челленджге бір мезетте 26541 домбырашы қатысуда. Осындай шаралар арқылы біз білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениеті мен патриоттық сезімін тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға, балалардың өнерін дамытуға ықпал етеміз, – деді А. Суниятова.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Жетісу облысында Наурыз мерекесіне орай өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджіне 26 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері, педагогтер мен ата-аналар қатысып, олар бірігіп бірнеше күй тартты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған челленджде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» және Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйлері орындалды.

Талдықорған қаласындағы музыкалық челленджде 300 домбырашы Оқушылар сарайының маңындағы алаңға жиналып күй тартты. Солардың ішінде қаладағы № 2 орта мектептің 11 сынып оқушысы Жансая Қайролқызы да бар:

- Менің домбыра тартып жүргеніме 5 жылдай болды. Осы челленджге екінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Бүгін ұлттық киім киіп, бәріміз бірге қазақ күйлерін орындадық. Бұл музыкалық флешмоб біздің шеберлігімізді шыңдаумен  қатар рухани тұрғыда біріктіреді, дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігімізді арттырады, - деді ол дарынды қыз.

Облыстық білім басқармасына қарасты ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Ақбаян Суниятованың сөзіне сүйенсек, іс-шара қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

- Жетісу облысы бойынша 8 аудан, 2 қала түгел қамтылып, челленджге бір мезетте 26541 домбырашы қатысуда. Осындай шаралар арқылы біз білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениеті мен патриоттық сезімін тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға, балалардың өнерін дамытуға ықпал етеміз, – деді А. Суниятова.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев

Аймақтағы жаңалықтар