Жетісу облысында жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5%-ға жетеді
Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенді құрайды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша, осы кезеңде өңірде 321 ауылды қоса алғанда, 358 елді мекеннің 327-сі немесе 91,3%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
- Өткен жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 9 жаңа және 13 өтпелі жобаны қоса алғанда, 22 жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 7,7 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 267 шақырым желі салынды, 14 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Сондай-ақ, Алакөл ауданындағы 2 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұл ретте 6 елді мекенде жобалар өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, Алакөл ауданы Теректі, Қоңыр, Лепсинск, Ескелді ауданы Жалғызағаш, Қаратал ауданы Ұмтыл, Кербұлақ ауданы Ақбастау, Тастыөзек, Панфилов ауданы Қырыққұдық, Шолақай, Керімағаш ауылдарында және Көксу ауданы Көксу станциясында, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларында 2025 жылға республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін осы кезеңде 3,4 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде 2604 адам тұратын Алакөл, Қаратал, Ақсу, Панфилов аудандарының 4 ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. 267 шақырым сумен жабдықтау желілері салынып, қайта жаңартылады, - деп хабарлады басқарма.
Жалпы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5%-ды немесе 331 елді мекенді құрайды.
Айта кетсек, өңірдегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 3 935 шақырымды құрайды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттер архивтен алынған
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -