Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық мейіргер күні атап өтіледі
Мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі жыл сайын маңызды бола түсуде. Уақыт талаптарына сәйкес орта медицина қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуы артып келеді, пациенттің денсаулығы үшін кәсіби жауапкершілік сияқты функционал кеңейюде.
Мейіргелер денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтардың бірін құрайды. Бүгінде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 190 мыңнан астам, ауылда 54 мыңнан астам, бастапқы буын деңгейінде 65 мың орта медицина қызметкері жұмыс істеуде.
Шалғай ауылдардағы ауылдық мейіргерлер жаңа туған нәрестелерді патронаждық бақылау және аға буынға күтім жасау бойынша медициналық көмектің барлық спектрін жүзеге асыруда.
Барлық мейіргерлерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыздың, қайырымдылықтарыңыз бен көп жылдық тәжірибелеріңіздің арқасында пациенттердің денсаулығы қалпына келуде.
Әрқайсыңызға отбасылық амандық, кәсіби өсу, сарқылмас қуат және жақсы көңіл-күй тілеймін!
Ізгі ниетпен, министр Ақмарал Әлназарова!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -