1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Қазақстан Республикасында Халықаралық қарттар күні атап өтілуде. Осыған байланысты азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне тағзым етіліп, құттықтау іс-шаралары өткізілді.
Қарттар күні – ардагерлерімізге алғыс айтып, оларға қамқорлық көрсетуге тамаша мүмкіндік. Олардың еңбегі мен ерлігі ұмытылмауы тиіс, олар біздің қоғамның қауіпсіздігіне баға жетпес үлес қосты. Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелерінде өңірлік Ардагерлер ұйымдарымен бірге азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне арналып мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, ал денсаулық жағдайы бойынша үйде болатын ардагерлерге қызметкерлер өздері барып кайтты. Жылы, әрі достық жағдайда ардагерлер бас қосып, өз естеліктерімен бөлісіп, көпжылдық еңбектері үшін алғыс сөздерін естіді.
Ұрпақтар сабақтастығының тәрбиедегі маңыздылығына басымдылық берілген кездесуден ізбасар мамандар мол мағлұмат алып құтқарушы қызметіне шабыттанып қайтты.
Сонымен қатар, қоғамға қосқан ерен еңбектері үшін ардагерлерге азық-түлік пакеттері және ақшалай сыйлықтар табысталды. Осы шаралар ардагерлерге деген қамқорлық пен құрметтің белгісі ретінде көрсетілді.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы ТЖД және 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде концерт ұйымдастырды, ал Қостанай облысының ТЖД ардагерлер мен ТЖД басшы құрамы арасында футболдан жарыс өткізді.
Қазыналы қарттарымызды осы атаулы күнімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.
ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -