Күштік құрылымдар «Тұран» университетімен ынтымақтастық орнатпақ: Астана қаласы, 19 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Күштік құрылымдар «Тұран» университетімен ынтымақтастық орнатпақ

Алматыда Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері, Ұлттық ұлан және «Тұран» университеті арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ғылыми және қолданбалы психология бағыты бойынша білім беру қызметінде күштік құрылымдар мен жоғары оқу орны арасындағы байланыстарды дамытудың бастамашысы болып отыр.

Іс-шараға «Тұран» университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, бас әскери клиникалық госпитальдің өкілдері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің, әскери оқу орындарының психологтары қатысты.

Құжатқа Қорғаныс министрлігінің атынан Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин, Ұлттық ұланнан Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов, Төтенше жағдайлар министрлігі атынан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев, «Тұран» университетінен оқу орнының ректоры Рахман Алшанов қол қойды.

– Бүгін Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің арқасында біз психологиялық жұмыс сияқты күрделі және жауапты бағытты дамытуда тағы бір қадам жасадық. Келісім қолданбалы және ғылыми отандық психологияны дамытуға, күштік құрылымдар мен «Тұран» университеті арасында білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған ведомствоаралық жұмысты тиімді құруға мүмкіндік береді деп санаймын, – деп түсіндірді Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин.

Меморандум бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруды, жоғары оқу орны студенттерінің тәжірибе мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды, ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар және басқа да іс-шаралар шеңберінде тәжірибе алмасуды көздейді. Мұның бәрі білім беруді тереңдетуге және зерделейтін мамандық бойынша практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс істейтін болады.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар