177,5 млрд. теңге АМҚ-да
177,5 млрд. теңге АМҚ-да
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңға сәйкес 2023 жылғы 9 қазанда ҚР Қаржы министрлігінде Арнаулы мемлекеттік қор деп аталатын ақша шоты ашылды.
Арнаулы мемлекеттік қор түсімдерінің жалпы сомасы қазанға айына 177,5 млрд. теңге.
Оның ішінде 171 млрд. теңге – заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылған ақшалай қаражат, 6,5 млрд. теңге – Қайтарылған активтерді басқару компаниясынан түсетін түсімдер (активтерді сату мен басқарудан).
Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -