2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады
Елордада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі енгізілуде. Мұндай деңгейдің енгізілуі, соның ішінде жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеулер енгізуді білдіреді, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қаланың әкімшілік полиция басқармасы осыған байланысты "сары" деңгейдегі іс-қимыл кезеңінде тұрғындарға Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанындағы автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады деп хабарлайды.
Бұл ретте көліктерді аулалардың ішінде немесе жоғарыда белгіленген көшелерге параллельді/іргелес қоюға тыйым салынбайды.
Сондай-ақ бұл күндері қоғамдық көліктер осы көшелер бойымен жүрмейді. Тұрғындарға"CTS" әлеуметтік желілерінде жариялап, балама маршруттар ұсынылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -