Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы: жаңалықтар мен мемлекеттік органдар туралы жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Байланыстар

Мекенжай: 010000, Астана, проспект Мәңгілік Ел, 14

Телефондар: +7 (7172) 30-15-30

E-mail: press@prokuror.kz

Ресми сайт: бару

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бас прокуратура) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы, ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады.

Бас прокуратура Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін (бұдан әрі – прокуратура органдарының жүйесі) басқаруды жүзеге асырады, мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Бас прокуратура, оған бағынысты ведомство, білім беру ұйымы, әскери прокуратураның және көлік прокуратурасының органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды.


Жаңалықтар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

krmm.kz