2024 жылғы 25 қыркүйекте өткізілген жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы
2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 53 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі – 140 МВт. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезіндегі 2024 жылғы шекті аукциондық баға 34.61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясы барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 34.61-ден 14.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін тіркелді.
Аукцион қорытындысы бойынша келесі компания жеңімпаз деп танылды:
«DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 14.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысында орналастыру жоспарлануда.
Бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ-ның электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
ЖЭК бойынша аукцион жеңімпаздарының тізімімен аукционды ұйымдастырушының https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 26 қыркүйегіне белгіленді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -