2024 жылғы 28 мамырда аппарат жиналысында
2024 жылғы 28 мамырда Теміртау қаласының әкімі О.Қ. Таурбековтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Теміртау қаласы ТЖ Басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Интуев суға шомылу маусымына дайындық бойынша баяндама жасады.Самарқанд су қоймасының жағалауында 22 шомылуға ұйымдастырылған орындар бар, оның ішінде 1 коммуналдық. Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша шомылуға тыйым салынған 14 ықтимал қауіпті учаскелер анықталды. Сондай-ақ Шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне 3 қауіпті орын енгізілді («Алма», «Черемушки» және «Каучук» саяжай қоғамдары маңындағы су айдындары).«Қауіпсіз жаз» акциясы аясында барлық жалпы білім беретін мектептерде сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізілді, онда азаматтық қорғау органдарыныңы қызметкерлері ата-аналармен және оқушылармен жазғы каникул кезіндегі, сонымен қатар су айдындарындағы қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ балалардың су айдындарының маңында бақылаусыз жүруіне жол берілмейтіндігі туралы нұсқаулықтар мен сұхбаттар өткізді.27-29 мамыр аралығындағы кезеңде бекітілген кестеге сәйкес ТЖ Басқармасының қызметкерлері демалыс орындары өкілдерімен бірлесіп жағажайларда ҚР ІІМ 19.01.2024 жылғы №34 бұйрығымен бекітілген Су айдындары қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігі мәнінде тексеру актісін ұсына отырып, тексеру жүргізеді.1 маусымнан бастап азаматтық қорғау органдарының, Полиция басқармасы Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің бірлескен рейдттері басталады. Су айдындары қауіпсіздік қағидалары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 440, 412, 582 бабтарына сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі О.Қ. Таурбеков мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына 2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын және қалалық ТЖ жөніндегі комиссияның хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша, сондай-ақ Самарқанд су қоймасының аумағындағы коммуналдық жағажай мен басқа демалыс орындарының шомылу маусымының басталуына дайындығын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -