2024 ЖЫЛҒЫ САН ДЕРЕКТЕР МЕН ФАКТІЛЕР: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҮКІМДЕР
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі өрттерге байланысты, оның ішінде абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан фактілер бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру туралы хабарлайды.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өрттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізеді.
Объектідегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдар, кәсіпорындар басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге құқығы бар адамдар қамтамасыз етуге тиіс.
2024 жылы ТЖМ аумақтық органдары сотқа қылмыстық істер жолдады, олар бойынша кінәлі адамдарға қатысты үкім шығарылды:
Орал қалалық сотының үкімі: Жеке кәсіпкер адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Астана қаласы ауданаралық сотының үкімі: Елорда тұрғыны азаматтардың өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Шымкент қаласы ауданаралық сотының үкімі:Адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін ер адамның бас бостандығы 3 жылға шектелді. Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімі: Сот аттас облыс тұрғынын бөгденің мүлкін абайсызда жойғаны үшін кінәлі деп танып, оның бас бостандығы 1 жылға шектелді. Астана қаласы ауданаралық сотының үкімі: Тағы бір оқиғада бөгденің мүлкін абайсызда жойған Астана қаласы тұрғынының бас бостандығын 1 жылға шектеу түріндегі жазаға тартылды. Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының үкімі: Бөгденің мүлкін жойғаны үшін кінәлі адамның бас бостандығын 1 жылға шектеуге үкім шығарылды. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімі: Осыған ұқсас бөгденің мүлкін жойған Қарағандының тұрғынының бас бостандығы 1 жылға шектелді. Қызылорда қаласы № 2 сотының үкімі: бөгденің мүлкін абайсызда жойғаны үшін кінәлі адамға 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.Министрлік адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді азайту мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуді жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -