2024 жылдың 2 айында БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 343,6 млрд теңге болды
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс БЖЗҚ салымшыларының шоттары 2024 жылдың 2 айында шамамен 343,6 мдрд теңгені болды және өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 139,21 млрд теңгеге немесе 68% - ға асып түсті.
Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бастап 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1,91% құрады. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы - 0,11%.
Инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар бойынша) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) инвестициялық табыс алу мақсатында зейнетақы активтерін экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына ҚР-да және шетелде 2h түрлі валюталарда орналастырады. Осындай әртараптандыру есебінен тұрақты инвестициялық кірістілік қамтамасыз етіледі.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымында МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша валюталар бөлінісінде АҚШ долларында номиналданған қаржы құралдары -32,2%, ұлттық валютада - 67,8%. Зейнетақы активтерінің ЖКЗЖ бойынша инвестициялық портфеліне тек ұлттық валютада көрсетілген қаржы құралдары кіреді.
Инвестициялық кірістілік 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2024 жылдың 1 наурызына өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі инфляция 770,54% болған кезде 833,94% құрады. Осылайша, ұзақ мерзімді перспективада жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістілік төмендеген жағдайларда айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер / Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.
Көптеген қызықты және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын БЖЗҚ /ЕНПФ YouTube-арнасында көруге болады.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) саны 3,05 млн бірлік болды. Онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер ескеріледі,.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөліміне орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -