2025 жылдың бірінші тоқсаны: техрегламент саласындағы тексеріс қорытындылары мен заң бұзушылықтар
2025 жылдың бірінші тоқсанындағы мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері техникалық регламенттердің талаптарын сақтау нәтижелерін шығарды.
Мемлекеттік бақылаудың 1545 іс-шарасының қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар 70% (1088) жағдайда анықталды. 44 жоспардан тыс тексеру, 70 профилактикалық тексеру, 1155онлайн, 268 басқа органдармен бірлескен тексеру жүргізілді.
Бақылау нәтижелері бойынша 1226 ұйғарым мен ұсынымдар берілді, субъектілер 57 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сәйкестікті растау бойынша 2545 құжат қайтарып алынды.
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Маңғыстау филиалының физика-химиялық өлшемдер бөлігінде аккредиттеу аттестаты тоқтатылды.
9 мыңнан астам өлшеу құралдары тексерілді, салыстырып тексеру туралы 1430 сертификат жойылды, 4494 бірлікті қолдануға тыйым салынды. Бақылау сонымен қатар ЖМҚС, энергетика, газ және жылумен жабдықтау, көлік, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру, әскери бөлімдер мен басқа да салаларды қамтыды.
Техникалық реттеу және метрология комитеті әлеуметтік желілерде жанармай құю станциясындағы бензиннің күмәнді сапасына қатысты хабарламалардың өскенін атап өтті. Азаматтар отынның мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмеуіне шағымданған, бұл автокөлік құралдарының жұмысына теріс әсер етеді.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері 92 ЖҚС-қа қатысты бақылау жүргізді. ЖЖМ сатушыларына бұзушылықтарды жою және сәйкестік туралы құжаттарды ұсыну бойынша ұсынымдар жіберілді. Комитет жедел шаралар қабылдау үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланымдарға мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Онлайн-сауданың өсуіне байланысты техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері маркетплейстер арқылы сауда жасайтын 180 субъектіге қатысты объектілерге бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізді. (Kaspi.kz, Technodom.kz, Sulpak.kz, Alser.kz, Mechta.kz, Evrika.com, SS.kz және т.б.).
Бақылау нәтижесінде техникалық реттеу саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда:
өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы; тауарлардың жеткіліксіз немесе дұрыс емес таңбалануы; мәлімделген сипаттамаларға сай келмейтін өнімді сату.Субъектілерге заңнама талаптарына сәйкес бұзушылықтарды жою және тауарларды заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша ұсынымдар жіберілді. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған жағдайда азаматтардан тексеру жүргізу үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе оның аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұраймыз.
Комитет мемлекеттік бақылау және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау үшін БАҚ және әлеуметтік желілер мониторингін жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -