2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Саран қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығы» әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарлануда
Жобаның мақсаты:
мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық –
консультациялық қызметтер және ресурстық құқықтық,
психологиялық қолдау көрсету.
Жоба бағытталған негізгі мақсатты топтар:
- 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтім жасайтын отбасылар.
Міндеттер:
1)
мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ақпараттық - консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
2)
Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кедергісіз ортасын қалыптастыру және өмір сүру сапасын арттыру (әлеуметтік оңалтуды, оқыту, жұмыспен қамту мәселелерін шешу, қоғамдық өмірге қатысу және т. б.) бойынша ҮЕҰ-мен бірлесіп семинар, консультация ұйымдастыру және өткізу;
3)
мемлекеттік қызметтерді алу, интернет-ресурстарды пайдалану бойынша білім деңгейін арттыру;
4)
өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі адамдарды анықтау;
5)
кедергісіз орта құру қағидатын іске асыру.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -