8 ЕЛДІҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІЛЕРІ МЕН ДИПЛОМАТТАРЫ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ: Түркістан облысы, 18 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

8 ЕЛДІҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІЛЕРІ МЕН ДИПЛОМАТТАРЫ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ

8 ЕЛДІҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІЛЕРІ МЕН ДИПЛОМАТТАРЫ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ

8 ЕЛДІҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІЛЕРІ МЕН ДИПЛОМАТТАРЫ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ

Бүгін сегіз мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен дипломаттары Түркістанға келді. Мәртебелі меймандармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Мемлекеттік қолдау шараларынан хабардар етті. Түркістанның тарихымен, даму жоспарымен таныстырып, өңірге түрлі сала бойынша инвестиция тартуға шақырды. Дипломатиялық корпустың 8 шет мемлекеттің

елшілері мен дипломаттары: Палестина, Алжир, Солтүстік Македония, Кувейт, Ирак мемлекеттерімен Әзірбайжан республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің істерінде сенім өкілі, Қазақстандағы Катар мемлекетінің Елшілігінің хатшысы Түркістан төрінде бас қосты. Аталған елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, кездесу барысында әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту жайлы келіссөздер жүргізілді. Шетелдік қонақтар өңірдегі Арнайы экономикалық және Индустриалды аймақтардың жұмыстарымен танысты. Облыс орталығындағы киелі жерлерге зиярат етіп, Түркістанның рухани және туристік орындарын аралап, тарихымызбен танысты. Сондай-ақ өңірдегі «Саутс-Ойл» компаниясының жобаларының іске асыру барысын талқылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін сегіз мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен дипломаттары Түркістанға келді. Мәртебелі меймандармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Мемлекеттік қолдау шараларынан хабардар етті. Түркістанның тарихымен, даму жоспарымен таныстырып, өңірге түрлі сала бойынша инвестиция тартуға шақырды. Дипломатиялық корпустың 8 шет мемлекеттің <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>елшілері мен дипломаттары: Палестина, Алжир, Солтүстік Македония, Кувейт, Ирак мемлекеттерімен Әзірбайжан республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің істерінде сенім өкілі, Қазақстандағы Катар мемлекетінің Елшілігінің хатшысы Түркістан төрінде бас қосты. Аталған елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, кездесу барысында әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту жайлы келіссөздер жүргізілді. Шетелдік қонақтар өңірдегі Арнайы экономикалық және Индустриалды аймақтардың жұмыстарымен танысты. Облыс орталығындағы киелі жерлерге зиярат етіп, Түркістанның рухани және туристік орындарын аралап, тарихымызбен танысты. Сондай-ақ өңірдегі «Саутс-Ойл» компаниясының жобаларының іске асыру барысын талқылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар