80 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕР ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісінде көптеген елдерде Халықаралық дәрігерлер күні (International Doctor's Day) атап өтіледі. Мерекені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамалады. Біз дәрігерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз, олар күн сайын адамдарға ауруларды жеңуге, денсаулықты қалпына келтіруге көмектеседі, өмірді жалғастыруға үміт береді. Өткен жылдың өзінде 3 млн қазақстандық стационарларда медициналық көмек алды. 90 миллионнан астам адам біздің емханаларға жүгінді, сәтті босану нәтижесінде 360 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Жедел медициналық көмек диспетчерлері 8 млн. шақырту қабылдады.Бұл нәтижелерге 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілді, оның 80 мыңнан астамы – дипломы бар дәрігерлер. Біздің барлық дәрігерлерімізді Халықаралық дәрігер күнімен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -