ҰАҒББО-да селекция мен тұқым шаруашылығының дамуы талқыланды
ҰАҒББО-да өткен кеңесте селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың, 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қатыстыы сұрақтар талқыланды. Оған еншілес ұйымдардың басшылары және тәжірибелі агрономдар қатысты.
Қатысушылар агрономиялық тәжірибелерді Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарына бейімдеуге, егіс науқанын жүргізуге, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмыс тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар өзекті тақырыптарды қарастырды.
Іріктеу саласындағы түйткілді мәселелер де айтылды. «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Басқарма төрағасы Теміржан Айтбаев шетелдік сорттарды ақылы негізде сынақтан өткізуді ұсынды, өйткені бүгінгі таңда комиссияға енгізілген сорттардың шамамен 75-80 пайызы шетелдік сорттар. Соның арқасында материалдық-техникалық база мен жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге мүмкіндік пайда болады.
Жиын барысында 2024 жыл бойынша «А.И. Бараев атындағы АСШО» командасының жетістіктері туралы айтылды. Орталықтың агрономдары Ақмола облысының аудандарында мониторинг жүргізіп, жалпы көлемі 2600 гектардан астам аумаққа жаңа тәжірибелік технологияларды енгізу үшін жеті ауыл шаруашылығы субъектісін таңдады. Сондай-ақ аграрлық сектор субъектілеріне арналған бес оқыту семинарлары өткізілді.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева тұқым шаруашылығы — ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. Алайда, Қазақстан әлі күнге дейін тұқым импортына тәуелді. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан Үкіметі 2024-2028 жылдарға арналған селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды бекітті, ол бәсекеге қабілетті сорттарды құру және тұқым өндіруде өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыру үшін негіз болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -