«Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі әкімшілік органдардың қызметін жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына пресс-релиз: Астана қаласы, 10 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі әкімшілік органдардың қызметін жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына пресс-релиз

«Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі әкімшілік органдардың қызметін жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 15-1-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінде жүйелілік пен құқықтық айқындылықты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін әзірлеуге және енгізуге бағытталған.

Жобада құқықтық сенімділікті нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және оңтайландыру, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру көзделеді:

Үкімет қаулысының жобасын қабылдау заңнаманы қолданудың бірыңғай стандарттарын белгілеуге, әкімшілік шешімдердің болжамдылығын арттыруға, әкімшілік практиканы жүйелеуге, сондай-ақ әкімшілік актілердің орындалуына мониторинг пен бақылауға ықпал етеді деп күтілуде.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Жоба 2025 жылдың 10 қаңтарында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15394659) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.

Ақпарат көзі: Министерство юстиции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

«Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі әкімшілік органдардың қызметін жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 15-1-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінде жүйелілік пен құқықтық айқындылықты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін әзірлеуге және енгізуге бағытталған.

Жобада құқықтық сенімділікті нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және оңтайландыру, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру көзделеді:

Үкімет қаулысының жобасын қабылдау заңнаманы қолданудың бірыңғай стандарттарын белгілеуге, әкімшілік шешімдердің болжамдылығын арттыруға, әкімшілік практиканы жүйелеуге, сондай-ақ әкімшілік актілердің орындалуына мониторинг пен бақылауға ықпал етеді деп күтілуде.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Жоба 2025 жылдың 10 қаңтарында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15394659) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz