Ақмола облысында су тасқынының белсенді фазасы аяқталуда
Ақмола облысындағы су тасқынының белсенді фазасы аяқталуда. Су тасқыны кезеңі басталғалы жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері 2 миллион текше метр су сорып шығарды, 200 мыңнан астам қап төселді, сондай-ақ бөгеттерді нығайту үшін 3 мың тоннадан астам инертті материал пайдаланылды.
Айта кету керек, ауа температурасының күрт жылуы мен аймақтағы жауын-шашынның су тасқынына әсер етті, әсіресе Бұланды ауданында жағдай күрделене түсті.
Қазгидромет мәліметі бойынша, қысқа мерзім ішінде жауған жауын-шашын мөлшері бір жарым айлық норманың 170%-ын құрады. Бұл су қоймаларының тез толуына әкеліп, су өткізу жүйелерінен артық су тасуына себеп болды. Су тасқынының салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылдады, және бүгінгі таңда халықтың тіршілігіне қауіп төнбейді.
Облыстың басқа өңірлерінде, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде су басу қауіпі барынша азайтылды немесе толығымен жойылды. Дегенмен, жыл сайынғы су тасқынының салдарынан 8 ауданның 24 елді мекенінде көлік қатынасынсыз қалып отыр. Бұл ауылдарға қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізілді, тапшылық байқалмайды. Сондай-ақ, уақытша жол белгілері қойылып, тәулік бойы бақылау постары жұмыс істейді.
Су тасқынымен күреске 500-ден астам адам, 300 бірлік техника, 55 мотопомпа және 16 су көлігі тартылды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің гарнизондарынан, Астана қаласы мен Қарағанды облысынан, сондай-ақ Ақмола облысының аумақтық қорғаныс бригадасынан күштер мен құралдар тартылды.
Жалпы, жағдай бақылауда, су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -