Ақтөбе облысында көктемгі ағаш отырғызу науқаны жүргізілуде
Сәуірдің 5-інен бастап Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында ауқымды көгалдандыру экологиялық науқаны басталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық аудан жаппай ағаш отырғызу жұмыстарына кірісті.
Сәуір айының алғашқы демалыс күндерінде-ақ 3 605 ағаш отырғызылды. Олардың қатарында жергілікті климатқа бейімделген қарағаш, терек, емен, шаған, үйеңкі және басқа да ағаш түрлері бар.
Бүгінгі күнге дейін ең көп ағаш Ойыл ауданында отырғызылды – 1000 көшет. Ақтөбе қаласында – 760, ал Ырғыз және Мұғалжар аудандарында – әрқайсысында 700 көшеттен, Шалқар ауданында – 350, Қобда ауданында – 95 ағаш егілді.
20–21 сәуір күндері облыс аумағында жалпыреспубликалық ағаш отырғызу күні өтеді. Бұл шара аясында 18 500 жасыл желекті елді мекендерде егу көзделіп отыр.
Көгалдандыру, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарына арналған екіайлық шарасы аясында Ақтөбе қаласының Алматы ауданында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Рүстем Өтешовтің айтуынша, ауданға қарасты 43 тұрғын алаптың тұрғындары сенбілікке шығып, саябақтар мен аулаларды тазалап, өз аумақтарын көгалдандыруда.
Өткен демалыста ұйымдастырылған Есет батыр шағын ауданындағы ағаш отырғызу акциясына жастар мен аудан тұрғындары белсене қатысып, 70 ағаш отырғызды.
Ал Астана ауданы Алтын Орда шағын ауданының
Ораз Тәтеұлы көшесіне белсенділер 700 түп тал екті.
Жалпы көктемгі және күзгі маусымда 168 000 көшет отырғызу жоспарланған.
Аталған көгалдандыру науқанының басты мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Ағаш отырғызу – қаланың денсаулығына, климатына және келер ұрпақтың болашағына қосылған маңызды үлес.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -