Ақмола облысында жаппай сенбіліктер өтуде: Ақмола облысы, 18 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақмола облысында жаппай сенбіліктер өтуде

Ақмола облысында жаппай сенбіліктер өтуде

Ақмола облысында жаппай сенбіліктер өтуде

Ақмола облысында жаппай сенбіліктер өтуде
Ақмола облысында жаппай сенбіліктер өтуде

Өткен жылғы су тасқыны жергілікті билікке үлкен сабақ болды. Биыл су басу қаупінің алдын алу мақсатында өңірде өзен арналарының түбін тереңдету, түзету жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бөгеттер салынып жатыр.

Қыс бойы аймақта қар шығару және тазалау жұмыстары тоқтаған жоқ. Себебі су тасқынының басты қауіптерінің бірі – уақытында тазартылмаған көшелер мен аула аумақтары. Әкімдіктердің мәліметінше, облыс бойынша 2,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп. 345 шақырымнан астам су бұру арналары мен нөсерлік кәріз жүйелері тазартылып, 140-тан астам елді мекенде сенбіліктер ұйымдастырылды. Қар тазалау жұмыстарына 243 ауыл мен қала қамтылып, орта есеппен 452 арнайы техника жұмылдырылды.Өткен демалыс күндері ақмолалықтар жаппай сенбілікке шығып, оған 10 мыңға жуық адам қатысты. Өңірдің 20 ауданы мен қалаларының тұрғындары аулаларын қардан тазартып, оны белгіленген орындарға шығарды. Сенбілікке қатысушылардың ең кішісі – Жақсы ауданынан келген 5 жасар Батыр.

Тек Көкшетау қаласының өзінде сенбілік аясында коммуналдық қызметтер 9 мың текше метр қар шығарды. Жұмысқа 25 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, су тасқынына қарсы шаралар аясында «КөкшеТазалық» ЖШС қосымша 6,7 мың текше метрден астам қарды тазалады.«Ақмола облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, көктемгі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және еріген қар суының тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жайылуын болдырмау мақсатында Көкшетауда алғаш рет ауқымды сенбілік өтті. Жалғыз тұратын 7 зейнеткердің аулалары тазаланып, Остапенко көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қосалқы канал бойына 600 қап инертті материал төселді», – деді Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев.

«Әр адамның үлесі маңызды екенін түсінуіміз керек. Қазір кез келген әрекетіміз қауіпсіздігімізге әсер етеді. Бүгін көршілерімізбен бірігіп қар тазаладық. Бұл – біздің қауіпсіздігіміз үшін. Барша тұрғындарды аулаларын қардан тазартуға шақырамын», – деді Станционный ауылының тұрғыны Ғалымжан Бекмағамбетов.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Өткен жылғы су тасқыны жергілікті билікке үлкен сабақ болды. Биыл су басу қаупінің алдын алу мақсатында өңірде өзен арналарының түбін тереңдету, түзету жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бөгеттер салынып жатыр.</p> <p>Қыс бойы аймақта қар шығару және тазалау жұмыстары тоқтаған жоқ. Себебі су тасқынының басты қауіптерінің бірі – уақытында тазартылмаған көшелер мен аула аумақтары. Әкімдіктердің мәліметінше, облыс бойынша 2,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп. 345 шақырымнан астам су бұру арналары мен нөсерлік кәріз жүйелері тазартылып, 140-тан астам елді мекенде сенбіліктер ұйымдастырылды. Қар тазалау жұмыстарына 243 ауыл мен қала қамтылып, орта есеппен 452 арнайы техника жұмылдырылды.Өткен демалыс күндері ақмолалықтар жаппай сенбілікке шығып, оған 10 мыңға жуық адам қатысты. Өңірдің 20 ауданы мен қалаларының тұрғындары аулаларын қардан тазартып, оны белгіленген орындарға шығарды. Сенбілікке қатысушылардың ең кішісі – Жақсы ауданынан келген 5 жасар Батыр.</p> <p>Тек Көкшетау қаласының өзінде сенбілік аясында коммуналдық қызметтер 9 мың текше метр қар шығарды. Жұмысқа 25 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, су тасқынына қарсы шаралар аясында «КөкшеТазалық» ЖШС қосымша 6,7 мың текше метрден астам қарды тазалады.«Ақмола облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, көктемгі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және еріген қар суының тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жайылуын болдырмау мақсатында Көкшетауда алғаш рет ауқымды сенбілік өтті. Жалғыз тұратын 7 зейнеткердің аулалары тазаланып, Остапенко көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қосалқы канал бойына 600 қап инертті материал төселді», – деді Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев.</p> <p>«Әр адамның үлесі маңызды екенін түсінуіміз керек. Қазір кез келген әрекетіміз қауіпсіздігімізге әсер етеді. Бүгін көршілерімізбен бірігіп қар тазаладық. Бұл – біздің қауіпсіздігіміз үшін. Барша тұрғындарды аулаларын қардан тазартуға шақырамын», – деді Станционный ауылының тұрғыны Ғалымжан Бекмағамбетов.</p>

Аймақтағы жаңалықтар