Ақмола облысында жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облыстық департаменті жеке тұлғаның өтініші бойынша Ерейментау ауданында жұмыс істейтін ШҚ-ға тексеру жүргізді. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік меншік жерлерді өз бетінше иелену, жерді бүлдіру фактілері анықталды.
Ерейментау ауданының әкімдігі жеке меншік орман өсіру үшін 5 жыл мерзімге 10 га-ға жуық жер бөлген. Тексеру субъектісі өз аумағынан тыс мемлекеттік меншік жерлерде құқықтық құжаттары жоқ 6 нысанды 0,31 га аумақта орнатқан.
Шаруашылыққа қатысты әкімшілік іс қозғалып, 1 ай мерзімге жер учаскесін босату арқылы бұзушылықтарды жою туралы тапсырма берілді.
Шаруашылық жер учаскесінде шұңқыр қазып, қабатты ашу жұмыстарын жүргізіп, жоғарғы құнарлы топырақ қабатын алып тастаған. Өлшеулер нәтижесінде шұңқыр аумағының ұзындығы 0,0843 га, тереңдігі 4 м екені анықталды.
ШҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3 ай мерзімге анықталған бұзушылықтарды жою туралы тапсырма берілді. ШҚ-ға 1,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -