Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларымен және профессор-оқытушылар құрамының өкілдерімен кездесу
Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Кеңес Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың, сондай-ақ Кеңес мүшелері Нұрия Оралжанқызы Сисенова мен Гафур Хамзеұлы Шаровтың Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларымен және профессор-оқытушылар құрамының өкілдерімен кездесуі өтті. Д.М. Малахов өз сөзінде Кеңестің судьялар корпусын құруға және судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жауапты автономды мемлекеттік орган ретіндегі шешуші рөлін атап өтті.
«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі жұмысқа қойылатын бірқатар міндетті талаптарды орындауды көздейді. Атап айтқанда, бұл Конституция мен ел заңнамасының ережелерін мүлтіксіз орындау, бейтараптық, әділдік және объективтілік. Судьялар да осы қасиеттерге ие болуы керек.Судья болу құрметті лауазым, алайда өз қиындықтары бар, себебі судьялар бірқатар шектеулер мен талаптарды сақтауға міндетті», – деп атап өтті Дмитрий Михайлович Малахов.
Кеңес мүшелері Н.У. Сисенова мен Г.Х. Шаров кездесуге қатысушыларға Кеңестің дербес мемлекеттік орган ретінде қалыптасу тарихы, оның негізгі функциялары, сондай-ақ судья мамандығына кіру ерекшеліктері мен процесі туралы толық ақпарат берді.
Кездесу соңында Кеңес төрағасы Д.М. Малахов және Кеңес мүшелері Н.У. Сисенова мен Г.Х. Шаров кездесуге қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға толық жауаптар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -