Ақтөбе облысында балабақша кезегінде тұрғандар қатары 30%-ға азайды
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз әлеуметтік мемлекет екенін тағы да атап өтті. Бұл әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі бойынша мемлекеттің нақты шараларынан көрініс тауып отыр.
Соңғы алты жылда елімізде 1 367 балабақша ашылып, кезекте тұрғандардың саны 5 есеге қысқарды.
Ақтөбе облысында соңғы 6 жылда 15 379 орындық 175 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды. Жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы сапалы мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті. Сондай-ақ, балабақша кезегінде тұрған 0-6 жас аралығындағы балалардың қатары 30%-ға азайды.
Сонымен қатар 2019 жылдан бері облыста 40 мектеп салынып, 17 мыңға жуық оқушы орны ашылды. Ауылдық жерлердегі 282 мектеп жаңғыртылды. Бұл 4 апатты жағдайдағы және 18 үш ауысымдық мектептің мәселесін, сондай-ақ 15 мектептегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді.
Жылдың аяғына дейін тағы 20 мектепті іске қосу жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -