Ақтөбе облысында егістік алқабы 723 мың га құрайды
Ақтөбе облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр.Өңірде 723 мың га алқапқа егін егу жоспарланған, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 401,5 мың га, майлы дақылдар – 60,5 мың га, мал азығы дақылдары – 256,0 мың га, картоп – 2,8 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 2,5 мың га.
Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында 2024 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар 13,4 мың га-ға, мал азығы дақылдары 36 мың га-ға ұлғаяды. Жалпы тұқым қажеттілігі 40,5 мың тоннаны құрайды. Тұқымдық материалды талдау сәуір айында аяқталады.
Көктемгі егіс науқанына 1,5 мың трактор, 100-ден астам егіс кешені, 1,4 мың сеялка мен топырақ өңдеу агрегаты жұмылдырылады.
Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 95%-ды құрайды, жөндеу жұмыстары жалғасуда.Егіс жұмыстарын жүргізу үшін 6,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Шаруа қожалықтарына арналған бағасы – 253 теңге/литр, бұл нарықтық бағадан 15%-ға арзан.
2025 жылы өңірде 46,2 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,2 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ақтөбе» ӘКК арқылы егіс науқанын 5% жылдық мөлшерлемемен қаржыландыру жүргізілуде. Қазіргі таңда 5,4 млрд теңгеге өтінім қабылданып, 4,5 млрд теңгесі мақұлданды. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -