Ақтөбедегі Жұбанов университетінде бірнеше зертхана ашылды: Ақтөбе облысы, 08 Сәуір 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтөбедегі Жұбанов университетінде бірнеше зертхана ашылды

Зертханалар өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Инновациялық технологиялар паркінде «Молекулалық және жасушалық биотехнология» зертханасы мен Академиялық және зерттеу артықшылықтары орталығында үш зертхана жұмысын бастады. Жаңа нысандарды өңір басшысы Асхат Шахаров аралап шықты. Зертхана жетекшілерімен әңгімелесу барысында ол ғылымды қолдау өңірді дамытудың негізі екенін, болашақта ғылыми зерттеулерді дамытуға және оларды нақты өндірістік процестерге енгізуге бағытталған бастамалар жалғастырылатынын тілге тиек етті.

Облыс әкімі алдымен «Молекулалық және жасушалық биотехнология» зертханасына барды. Мұнда ірі қара малдың түйінді дерматитін тудыратын Lumpy Skin Disease Virus (LSDV) вирусына байланысты серологиялық және молекулалық-генетикалық диагностикалау мен мониторинг әдістерін әзірлеу және енгізумен айналысады.

Зерттеулер аясында инфекцияны тасымалдаушы негізгі векторларды (жәндіктерді) анықтау, LSDV вирусының географиялық таралуы мен оның генетикалық профилін талдау жүргізіледі. Осы мәліметтердің негізінде вирустың штаммдары бойынша деректер базасы жасалады, бұл ұзақ мерзімді эпизоотиялық бақылауды қамтамасыз етуге және жаңа вакциналарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ал Академиялық және зерттеу артықшылықтары орталығында ашылған зертханалар бірнеше бағытта жұмыс істейді. «Материалдарды металлургиялық өңдеу», «Жаратылыстану» және «Материалдардың физика-химиялық талдау» зертханалары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Аталған зертханалар «Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарта отырып, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ашылды. Университет өз тарихында алғаш рет жалпы құны 3 млрд теңгені жеңіп алған еді. Осы жоба аясында Академиялық және зерттеу артықшылықтары орталығын (АЗАО) құрды.

Жобаның жалпы құрамында 57 адам қызмет етеді.

Айтып өтейік, бүгін Ақтөбе облысы әкімдігі жанынан құрылған Ғылым кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес жұмысына оның төрағасы облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, жетекші ғалымдар, университет оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты.

Кеңесте сөз сөйлеген өңір басшысы аймақтың орнықты дамуында ғылымның алар орны атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі ғылымды дамытуға қатысты Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмаларын еске салды.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар