Ақтауда қазақ диаспорасы балаларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ХХІ Халықаралық олимпиада басталды: Астана қаласы, 19 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтауда қазақ диаспорасы балаларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ХХІ Халықаралық олимпиада басталды

Ақтауда қазақ диаспорасы балаларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ХХІ Халықаралық олимпиада басталды

Ақтауда қазақ диаспорасы балаларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ХХІ Халықаралық олимпиада басталды

19-23 маусым аралығында Ақтау қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы бастау алды. Оған Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Қытайдан 50-ге жуық оқушы қатысуда.

Мұндағы мақсат - қазақ диаспорасы балаларының ана тіліне, әдебиетіне, тарихына қызығушылықтарын ынталандыру және дарынды жас лингвистер мен әдебиетшілерді анықтау.

Олимпиада 3 тур бойынша өтеді: эссе жазу, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау, «Өз ұлтымды сүйемін» тақырыбында шығармашылық таныстырылым жасу. Ережеге сәйкес, қатысушы елдердің әрбір командасы 14-18 жас аралығындағы 8 оқушыдан және 2 жетекшіден тұруы тиіс.

Айта кетсек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. Ерекше жетістікке қол жеткізген қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның грамоталары мен бағалы сыйлықтары беріледі, ал ең үздіктерге ҚР беделді ЖОО-ның ректорлық білім гранттары табысталатын болады.



Ақпарат көзі: Министерство образования и науки Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>19-23 маусым аралығында Ақтау қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы бастау алды. Оған Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Қытайдан 50-ге жуық оқушы қатысуда.</p> <p>Мұндағы мақсат - қазақ диаспорасы балаларының ана тіліне, әдебиетіне, тарихына қызығушылықтарын ынталандыру және дарынды жас лингвистер мен әдебиетшілерді анықтау.</p> <p>Олимпиада 3 тур бойынша өтеді: эссе жазу, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау, «Өз ұлтымды сүйемін» тақырыбында шығармашылық таныстырылым жасу. Ережеге сәйкес, қатысушы елдердің әрбір командасы 14-18 жас аралығындағы 8 оқушыдан және 2 жетекшіден тұруы тиіс.</p> <p>Айта кетсек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. Ерекше жетістікке қол жеткізген қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның грамоталары мен бағалы сыйлықтары беріледі, ал ең үздіктерге ҚР беделді ЖОО-ның ректорлық білім гранттары табысталатын болады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар