Ақтауда «Таза Қазақстан» жобасы аясында жасыл желектер отырғызылды
Ақтауда 12 қазан, сенбі күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясында 130 тал көшеті отырғызылды.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов және«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 100 жуық қызметкері қатысты.
Экологиялық шараға қатысушылар биіктігі 2 метр болатын үйіңкі, ясен ағаштарын 40 шағынауданда орналасқан Ақтаудың жаңа саябағына отырғызды.
Эко-акцияғақа арнайы келген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өңірдегі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға үлес қосып, экология мәселесінде белсенділік танытқан қатысушыларға алғысын айтты.
— «ҚазМұнайГаз» ауқымды экологиялық акцияға белсенді қатысып, елімізді көгалдандыруға өз үлесін қосуда. Бүгін ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері бір мезгілде еліміздің әр түкпірінде 10 мыңнанастам ағаш отырғызды», - деп атап өтті«ҚазМұнайГаз» басшысы.
Айта кестек, “Таза Қазақстан” акциясы аясында Маңғыстау облысы бойынша 15 000-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -