Ағымдағы жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілер арасында семинар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілер арасында семинар өткізілді. Семинарға Теміртау қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Кәрімов қатысты.
Семинарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және олардың халыққа қолжетімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.
Мысалы, Теміртау қаласы бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында 8960 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Неғұрлым сұранысқа ие халықты әлеуметтік қорғау және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметтер болып табылады.
Сондай-ақ, семинарда Әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Кәрімов қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -