АБАЙ АУДАНЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Шымкент қаласындағы Абай ауданында 30 тамыз - Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара "Шымсити" саябағында ұйымдастырылып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан жиналған көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, тиімді құқықтық жүйенің қалыптасуының арқасында елдің экономикалық өсуі мен халықтың әл-ауқатының артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, әкім заң саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға "Алғыс хат" табыс етті. Жиында "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері де марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, эстрадалық әндер орындады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -