Абай ауданында мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қарағанды облысының Абай ауданында Абай оқулары өтті. Оларға 7 жастан 35 жасқа дейінгі Ұлы Абай шығармашылығының 60-тан астам әуесқойлары қатысты. Екі жас санатындағы алғашқы орындарға 7 жасар Алпамыс Қобланды мен 14 жасар Зарина Айбекова ие болды.
Алпамыс биыл бірінші сыныпқа барады. Ол мектеп жасына дейін түрлі байқауларға қатысып, әртістігімен ерекшеленіп келеді. Абай оқулары үшін ол ақынның "Ғылым таппа мақтанба" шығармасын жаттап, 7 жастан 14 жасқа дейінгі жас санатында өнер көрсетті.
– Мен байқау туралы білгенімде ұлдарыма қатысуды ұсындым. Үлкенім Бақдәулет, өкінішке орай, жүлделі орынға ие болған жоқ. Ал Алпамыс үздік атанды, біз өте қуаныштымыз. Ол өлеңдерді тез есте сақтайды. Өнер көрсеткенде де өзін сенімді ұстайды. Талап бойынша сегіз түрлі төрт шумақ айтып беру керек болса да, бүкіл шығарманы толығымен жаттап алды, – деді жеңімпаздың анасы Нұргүл Бапанова.
Зарина Айбекова 14 жастан 35 жасқа дейінгі жас санатында өнер көрсетті. Ол "Ескендір" поэмасын жатқа оқыды. Қыз бала актерлік өнермен айналысады және мәдениет үйінде түрлі қойылымдарға қатысады. Ол облыстық мәнерлеп оқу байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы.
– Маған Абай Құнанбаевтың шығармалары ұнайды, оларда терең мағына бар. Әсіресе қара сөздерде. Мен 5-сыныптан бастап мәнерлеп оқу байқауларына қатысамын, Ұлы ақынның 10-ға жуық шығармасын білемін. Абай оқулары кезінде өзіме сенімді болдым, сондықтан да жеңдім, – деп есептейді Зарина.
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -