Абай облысы бойынша 2024 жылғы желтоқсандағы тұтыну бағасының индексі
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы желтоқсанда өткен айға қатысты алғанда 100,9 % құрады.
2024 жылғы желтоқсанда облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
2024 жылғыжелтоқсан
2024жылғы қаңтар- желтоқсан
2023жылдың қаңтар-желтоқсанына
2024 жылдың
қарашасына
2023 жылдың
желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
100,9
109
108,7
Азық-түлік тауарлары
101,1
106,5
106,3
Азық-түлік емес тауарлар
100,7
108,5
106,9
Ақылы қызметтер
100,9
113
114,6
Азық-түлік тауарларыныңарасында 2024 жылғы желтоқсанда 2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда жемістер мен көкөністер–4,2% (басты пияз–13,4%, ақ қауанды қырыққабат–1,4%, картоп–1,3%, қызылша–1%, сәбіз–0,6%, алма–0,5%), май және тоң май–1,7% (күнбағыс майы–3,2%, тұздалмаған сары май–1,3%), алкогольдік ішімдіктер–1,4%, сүт өнімдері–1,3% (қатты ірімшік–2,1%, қаймақ–1,4%, пәстерленген сүт–0,9%, айран (майлылығы 2,5%)–0,3%, сүзбе (майлылығы 5-9%)–0,1%), балық және теңіз өнімдері–1,3%, нан өнімдері–1,1% (бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны–4,3%, жоғары сұрыпты бидай ұны–0,4%), темекі өнімдері–0,8%, 1 санаттағы жұмыртқа, кондитерлік өнімдері –0,5%, шай–0,3%, күріш, макарон өнімдері–0,1% қымбаттағаны тіркелді.
Қант–1%, жарма–0,1%(қарақұмық жармасы–0,2%, ұнтақ–0,1%) арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан сұйытылған газ (баллондағы)–9,3%, киім және аяқ киім–0,9%, үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдары–0,4%, фармацевтикалық өнімдері–0,2%, бензин–0,1% қымбаттады.
Жеке пайдалануға арналған тауарлар–0,2% арзандады.
Ақылы қызмет бойынша ыстық су тарифтері–13,1%, тұрғын үйді жалға беру–3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–0,4% өсті.
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
Орындаушы:
Ж. И. Корпешова
Тел. +7 7222 36-27-25
Баға статистикасы бөлім басшысы:
Г.Т. Шакшанова
Тел. +7 7222 36-27-25
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -